|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Абай жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Абайская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және біздің сайтымыздың қонақтары!
Біз сіздерді мектебіміздің ресми сайтында қуана қарсы аламыз. Бұл сайт біздің білім беру ұйымының өмірі мен қызметі туралы білгісі келетін барлық жандарға арналған.
Жыл сайын мектебімізде көп нәрсе өзгеріп отырады, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады: мектеп әлі де балалар үшін жұмыс істейді және балаларға, сондай-ақ сіздерге, құрметті ата-аналар, амандық, табыс және қауіпсіздік кеңістігін ұсынуға ұмтылады.
Біздің мектебіміз – бұл үлкен, сенімді, жылы үй. Мұнда жұмыс та, демалыс та, мерекелер мен күнделікті тұрмыс та бар, ең бастысы – жақсы дәстүрлер сақталған. Мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары арасындағы өзара құрмет пен өзара көмекке негізделген ынтымақтастық – біздің жетістігіміздің кепілі.
Біз әр адам табысқа жете алады деп сенеміз. Ол үшін тиісті мүмкіндіктер жасау қажет. Ал біз мұндай мүмкіндіктерді қаласаңыз – баршаңызға ұсынамыз.
Біздің мектеп – бұл дәстүрлі, тәжірибеде дәлелденген оқыту әдістері белсенді қолданылатын білім беру мекемесі. Мектепте ерекше, эмоционалды тартымды орта қалыптасқан. Жалпы мектептік мерекелердің, сайыстар мен іс-шаралардың жарқын атмосферасы, концерттер, фестивальдер, шығармашылық ойындар – міне, осының бәрі біздің мұғалімдер мен оқушылардың өмірінің бір бөлігі.
Көбірек білгіңіз келе ме? Онда біздің сайтымызға қош келдіңіз!
Сайт беттерінде орналасқан ақпарат сіздерге мектебіміздің тарихымен, оның дәстүрлері мен құндылықтарымен, оқушыларымыздың оқу, спорт, өнер саласындағы табыстары мен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Біз әрдайым ашықпыз және сайт біздің ұжыммен араласудың жалғасы боларына қуаныштымыз.
Құрметті достар! Сіздерді сайтымыздың тұрақты келушісі және белсенді пікірлесіміз болуға шақырамыз. Өйткені біздің мектебіміздің болашағы сіздердің ұсыныстарыңызға да байланысты!
Құрметпен, мектеп басшысы Әбдіхалық Рүстем Жандарұлы
|
24
Шілде
2018
|
Fusce hendrerit aliquet eros eu laoreet. Mauris malesuada leo quam, mattis molestie metus interdum sit amet. Quisque iaculis est lectus, in tempor augue tincidunt et. Suspendisse sit amet libero quis velit tempus rutrum ac in nunc. Quisque imperdiet orci est, sit amet fermentum erat malesuada quis. Vivamus mattis interdum aliquet. Fusce viverra lacus ac ante fermentum, sed elementum odio pulvinar. Pellentesque habitant morbi tristique senectus et netus et malesuada fames ac turpis egestas. Praesent egestas, felis sit amet dapibus dictum, magna mauris lobortis leo, vitae malesuada sapien eros eu tortor. Proin fermentum ullamcorper lobortis. Nullam rhoncus iaculis mauris eu fringilla. Proin hendrerit lorem in semper malesuada.





